«28 қазан күні 02:28-де «102» операторына қаладағы ойын-сауық орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келді. Ғимаратты тексеріп шыққан полицейлер ештеңе таппаған. Жедел шаралар нәтижесінде 1976 жылы туған қала тұрғыны ұсталды. Ол, сараптама қорытындыларына сәйкес, мас кезінде осылай хабар берген деген күдік бар», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент өкілдерінің айтуынша, полиция қызметкерлеріне сол күні кешеннен 700-ге жуық адамды эвакуациялауларына тура келген.
«Осы дерек бойынша «Террористік акт туралы көрінеу жалған хабар беру» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», - дейді полицейлер.
12:16, 31 Қазан 2018
Павлодар полициясы теракт туралы хабарды тексеріп жатыр
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда полиция 42 жастағы ер адамды ұстады. Ол мас кезінде телефон арқылы ойын-сауық мекемелерінің біріне бомба қойылғанын айтты деген күдікке іліккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.