Павлодар прокуратурасы кәсіпорында жұмысшының опат болу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар прокуратурасы 3-Жылу-электр орталығында жұмысшының қаза болу факті бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы полицейлердің қаулысының күшін жойды.

Павлодар  3-Жылу-электр орталығының     қазандығында  жөндеу  жұмыстарын   жүргізіп жатқан    мердігер   ұйымның    жұмысшысы  темір       құрылғыларды бөлшектеу  кезінде    6 метр биіктіктен құлап кетіп,  алған  жарақаттан ауруханаға бара жатқан  жолда  көз  жұмған.   Аталмыш  факті   Павлодар  ішкі істер басқармасында тіркеледі  және    тексеріледі  де,    қылмыс  құрамының  жоқтығына  байланысты  қылмыстық іс  қозғамау  туралы шешім қабылданады.

 Іс  материалдарын зерттеген  прокуратура,     Павлодар облысы  бойынша   бақылау  және  әлеуметтік  қорғау  департаменті  тағайындаған  комиссияның     аталмыш    жазатайым оқиғаны арнайы    тексеру  актіне сүйене  отырып,   оқиғаның   өндіріспен байланысты екенін  анықтап отыр.   Жұмыс берушінің   кінәсі -100   пайыз екендігі, аға прораб  пен  учаске бастығының еңбек   қауіпсіздігін  қамтамасыз  етпегені, оқиғада   ҚР Қылмыстық кодексінің  152-ші бабы 2-ші тармағында  қарастырылған   қылмыстың   белгілері, яғни кісі өліміне әкелген   қауіпсіздік  техникасы  ережелерінің бұзылу  фактілері бар екені    анықталды.

 Іс    жете  тексеруге     Павлодар  Ішкі істер  департаментіне    жіберілді.