Павлодар трамвайшылары су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан тұрғындарына көмектеседі
15:30, 04 Мамыр 2011
ПАВЛОДАР. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін, 4 мамырда Павлодарда Трамвай басқармасының жұмыскерлерінің митингісі болып өтті,
деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Қазақстан халқы жақынына көмектесуге дайын тұратындығымен, жанашырлығымен және басына қиыншылық түскендерге көмек қолын созуға әзірлігімен танымал, деп аталып өтілді митинг кезінде.
«Кәсіпорын бір мезетте басындағы баспанасы мен дүние-мүлкінен айрылып қалған отандастымыздың қайғысынан сырт айнала алмады», - деп атап өтті «Трамвай басқармасы» АҚ президенті Александр Криса.
Трамвайшылар нұротандықтардың зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету туралы үндеуіне бірауыздан қолдау көрсетіп, су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін арнайы ашылған есепшотқа жарты миллион теңге аударды.