Қазіргі уақытта бюджетке 124,6 млн теңге түскен. Сонымен қатар өңірдің 28 мыңнан астам тұрғыны өткен кезеңдердегі салығын төлемей отыр.
— Азаматтарда аталған салық түрі бойынша 42 млн теңгеге жуық берешек жиналып қалған. Мүлік салығы жылжымайтын мүлік нысанының орналасқан жері бойынша төленеді, — деп хабарлады департаменттен.
Мамандар 2025 жылғы жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталатынын ескертеді.
2 қазаннан бастап салықты уақытылы төлемеген азаматтардың банк шоттарын ашу, ақша аудару және кредит алу мүмкіндігі шектеледі. Сонымен бірге мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін 290 млн теңге салықтан жалтарған күдікті Ресейден Қазақстанға қайтарылғанын жазғанбыз.