Ертіс-Баян өңірінің тұрғындары медицина қызметкерлеріне аз шағымдана бастаған. 2023 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7 мыңнан астам шағым түссе, былтыр небәрі 3 мыңдай шағым тіркелген.
- Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасы бойынша азаматтар тарапынан түсетін сұрақтардың басым бөлігі бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде туындайды. Емдеу мекемелерінде науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді. Қызметтің негізгі қызметіне медициналық қызметті көрсету және тәртібін бұзу деректерін анықтау жатады. Стандартқа сәйкес науқастарды қолдау қызметі бірінші қабатта орналасу керек. Байқап отырғанымыздай, қызметтер құрылғалы тұрғындардың шағымы екі жарым есе кеміген. Пациенттерді қабылдау «осы жерде және қазір» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл қызметке бас дәрігердің орынбасары жетекшілік етеді, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Жангелді Шайымбетов.
Былтыр азаматтар тарапынан келіп түскен 3 мың шағымның 105-ін қор негізді деп таныған. Нәтижесінде өңірдегі емдеу мекемелеріне 4 млн теңге айыппұл салынған.
Еске сала кетейік, медсақтандыру реформасынан кейін өңірлерде не өзгеретіні туралы жазғанбыз.