2026 жылғы наурыз айында ер адам Павлодар қаласының солтүстік бөлігіндегі «Ертіс» бау-бақша шаруашылығынан саяжай учаскесін сатып алған. Бірнеше аптадан кейін ол жер қатынастары бөліміне жүгініп, учаскенің нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй салуға рұқсат беретін санатқа ауыстыруды сұраған. Алайда ведомство оның өтінішінен бас тартқан.
Бұдан соң павлодарлық қала әкіміне қарсы талап арыз беріп, бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тануды, оның күшін жоюды және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүмкіндік беретін қолайлы әкімшілік акт қабылдауды міндеттеуді сұраған.
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, сот талап қоюшының өтінішін қанағаттандырған. Сот әкімдіктің бас тартуын заңсыз деп танып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдауды міндеттеген.
— Талап қоюшы сұраған жер учаскесінің нысаналы мақсаты Павлодар қаласының бас жоспарына сәйкес келеді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 109-бабына сәйкес, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары болмаған жағдайда қолданыстағы бас жоспарды басшылыққа алу қажет, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, 1,9 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды.