«Аймақ басшысына өтініш беру бұрынғыға қарағанда жылдам әрі жеңіл болады. Облыстық әкімдікте аймақ тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарының жұмысына қатысты шағымы мен өтінішін қабылдау үшін 661 661 бірыңғай қалалық телефон нөмірі мен 7 702 1 661 661 WhatsApp-аккаунты іске қосылды. Нөмір мен аккаунт тәулік бойы жұмыс істейді», делінген хабарламада.
Осы нөмір бойынша облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қабылдауына жазылуға болады. Жақын арада азаматтарды қабылдау 13 және 14 ақпан күндері аймақ басшысының есептік кездесуіне дейін және кездесуден соң өтеді.
Сондай-ақ, Павлодар облысының тұрғындары өздерінің жазбаша түрдегі шағымы мен ұсынысын әкімдік ғимаратының жанындағы жәшікке қалдыруына болады. Әкімдік ғимаратында бейнесауалдарды қабылдайтын бөлім тәулік бойы жұмыс істейді.