Павлодар тұрғындарын 40 млн теңге қарызға батырған алаяқ ұсталды
«Осы жылы Астана қаласы Полиция департаментінің базасында бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін «CyberPol» пилоттық жобасы құрылды. Киберқылмыстарды тиімді тергеу және ашу үшін тергеу, жедел және криминалистикалық бөлімшелердің қызметкерлері бір жерде шоғырланып, банк секторымен және ұялы байланыс операторларымен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады», - деп түсіндірді Жандос Сүйінбай.
Оның сөзінше, Павлодар облыстық полиция департаментінің «CyberPol» тобы банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық жасаған қала тұрғынын ұстаған.
«Қазіргі уақытта күдіктінің 20 қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Келтірілген залал сомасы шамамен 40 млн теңгені құрады. Оған ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлім етті Жандос Сүйінбай.
Қоса кетсек, алғашқы жартыжылдықта Қазақстанда 9,4 мың интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді.