12 мамырда Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру барысында шығу заңдылығын растайтын құжаттары жоқ мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісін анықтады.
Павлодар облысының тұрғыны өзінің гаражында пеш отыны, май немесе басқа да өнімдердің қоспаларынан төмен сападағы дизель отынын жасап, бір литрін 150 теңге ден сатқан.
Шара барысында жалпы құны 470 000 теңге болатын 3000 астам литр дизель отыны тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл - мемлекеттік стандарт (ГОСТ) талаптарына сәйкес келмейтін, сапасы төмен және құрамында түрлі қоспалар бар мұнай өнімі.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.