Ескі моланы тауып алған Олег Караманның отбасы 15 жылдан бері Ертіс ауылында тұрып келеді. Олар үй салу үшін жер қазып жатып кездейсоқ 2 метр тереңдіктен алып жануардың сүйегін тапқан.
Шұңқырдан табылған жануардың суретін тұрғындар БАҚ өкілі арқылы Потанин атындағы өлкетану музейінің археологы Георги Пересветовке жолдаған. Жануар сүйегімен жіті танысқан Георги Пересветов табылған сүйектің жылқыға тиесілі екендігін нақтылады. Археолог ол жерде ежелгі Қимақ мемлекеті кезіндегі қабір болуы мүмкін деп жорамалдап отыр.
«Орта ғасырдағы Қимақ мемлекетінде өлген адамды атпен бірге жерлеу ғұрпы болған. Мәйітпен бірге жылқының тек басын, кей кездері жылқыны бүтіндей, сондай-ақ терісімен бірге жерлейтіндігін архиологиялық зерттеулер нақтылай түседі», - дейді Георги Пересветов.
Өз кезегінде археолог тұрғындар кездейсоқ тауып алған шұңқырдың молаға өте ұқсайтындығын және ол жерде басқа да сүйектердің, оның ішінде адамның да сүйегінің болуы әбден мүмкін екендігін айтады.