Павлодар тұрғыны «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырып, жұмысқа орналасты

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Приреченск ауылының тұрғыны Галина Аксенчикова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырғаннан кейін мектеп жанындағы шағын-орталыққа медбике болып жұмысқа орналасты, деп хабарланады PM.kz сайтынан.

1980 жылдың соңында Галина Аксенчикова Павлодардағы медициналық училищеге оқуға түскен. «Медбике» мамандығы бойынша оқуды бітірген соң Ақтоғай аудандық ауруханасының перзентханасында бірнеше жыл жұмыс істеді. Кейін Приреченск ауылына көшіп барған, бірақ онда ұзақ жылдар бойы мамандығы бойынша жұмыс таба алмады.

«Өткен жылдың жаз айында теледидардағы жаңалықтан  Елбасының Жолдауын іске асыру үшін адамдарды жұмысқа тұрғызуға көмектесетін Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ашылып жатқаны туралы естідім. Келесі күні осы жайлы көбірек білу үшін ауыл әкіміне бардым», - дейді Г.Аксенчикова.

Әкімдіктегілер Галина Аксенчикованы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен таныстырды.

«Мен Ақтоғайдағы Жұмыспен қамту орталығына бардым, ондағылар маған Бағдарлама бойынша біліктілік курсынан өтуді ұсынды. Мен, әрине, келістім. Оқу кезінде маған шәкіртақы да төленді - 12 188 теңге», - дейді Г. Аксенчикова.

Курсты аяқтағаннан кейін Галина жұмыс тапты. «Аудандық Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Приреченск мектебінің жанындағы шағын-орталыққа медбике болып қабылдандым. Қазір менің жақсы көретін тұрақты жұмысым бар»,- дейді Г.Аксенчикова.