Павлодар университетінде «ИнЕУ-2010 аруы» таңдалды

None
ПАВЛОДАР. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодарлық Инновациялық Еуразиялық университетінде «ИнЕУ-2010 аруы» сұлулық байқауы аяқталды, деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі.

«Таныстыру» бөлімінен бастап студенттік шоудың 8 қатысушысы өз өнерлерін паш етті, әлем халықтарының билерін орындады. «Құпиялы бейтаныс» атты бөлімде студент қыздар жұмбақ және ерке қыздардың бейнесіне енді.

«ИнЕу-2010 аруы» мәртебесіне ЖОО Академиялық білім беру бөлімінен Марина Карандашева лайық деп танылса, көрермендер көзайымы болып университет ішіндегі колледждің қатысушысы Айнұр Қарашашева танылды.

«ИНЕУ-де шынымен де ең ақылды және сұлу қыздар оқиды», - деп атап өтті университеттің вице-президенті Лариса Фрезоргер.