Монополистің бекіткен тарифі сметаға сәйкес еместігі анықталған. Табиғи монополияларды реттеу департаменті барлық кемшілікті есепке ала келіп, монополиске тұтынушылардың жалпы сомасы 177,6 млн теңгесін қайтаруға міндеттеді.
Өтемдік тариф бір жыл бойы күшінде сақталады және тұтынушылар әдеттегіден 2% төмен бағамен түбіртек алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұздық монополистер - «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС былтыр жазда ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін екібастұздық тұрғындардан төлем өндіріп келгенін жазғанбыз.