Екібастұздық монополистер өз тұтынушыларынан көрсетілмеген қызмет үшін төлемақы өндіріп келген

Энергетика министрлігі өңірлердегі жылыту кезеңі қалай өтіп жатқанын тексереді
Фото: primeminister.kz

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС былтыр жазда ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін екібастұздық тұрғындардан төлем өндірген. Шын мәнінде шаһарда ыстық су бірнеше ай болмаған.

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті хабарлады.

«Павлодар облысы прокуратурасының ұсынысын қарау шеңберінде, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС-ның 2023 жылдың маусым-тамыз айлары аралығындағы кезеңде ыстық сумен жабдықтау қызметтерінің құнын қызметтер нақты болмаған жағдайда өндіріп алғаны анықталды. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Павлодарэнергосбыт» ЖШС және «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-на қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 5-бөлігімен әкімшілік іс қозғады» деп мәлімдеді департаменттен.

Субъектілер тұтынушыларға қайта есептеулер жүргізді. Ол 2024 жылдың ақпан айы үшін түбіртектерде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар