Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде волейболдан ерлер командалары арасында ҚР кубогі ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Kazinform.
Осымен 31-рет ұйымдастырылып отырған ел кубогі турнирінің финалына биылғы Қазақстан чемпионы «Павлодар» мен «Есіл» (Петропавл) клубтары жолдама алды.
Ұлттық лига командалары арасында биыл бесінші орыннан көрінген «Есілдің» финалға шығуы күтпеген жағдай еді.
Финалдық бәсеке де сондай тартысты болды. Онда Петропавл волейболшыларының жеңіске жететіндей мүмкіндіктері болды. Дегенмен шешуші сәттерде сәтті ойнай білген Игорь Никольченко жаттықтыратын павлодарлықтар 3:2 (22:25, 25:20, 20:25, 25:19, 18:16) есебімен жеңісті жұлып алды.
Осылайша, «Павлодар» клубы чемпиондық атаққа қоса ел кубогіне ие болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).