Павлодар заң колледжінде өткен спорт фестивалі Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналды
10:24, 10 Желтоқсан 2011
ПАВЛОДАР. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып ҚР ІІМ ҚАЖ-нің комитеті Павлодар заң колледжінде спорт фестивалін өткізді,
деп хабарлады әділет капитаны Айгүл Сыздықова.
Сайыс волейбол, баскетбол алаңдарында өтті. Сонымен қатар қатысушылар өз күштерін қазақша күрес бойынша да сынады.
Баскетбол сайысы бойынша әскери және спорт (дене шынықтыру) дайындығы кафедрасының ұжымы жеңіске жетсе, волейбол бойынша өткізілген жарыстың бірінші орынын факультеттердің құрама командасы иеленді.
Павлодар заң колледжінде салауатты өмір салтын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Облыстық және республикалық сайыстарда спортшылардың жеңіске жетуі осының айғағы іспеттес.