Павлодар және Омбы облыстарының педагогтары ынтымақтаса қызмет етпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақта орналасқан мектептері өкілдерінің форумының соңында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім басқармасының мәліметтері бойынша, екі елдің ұстаздары Солтүстік Қазақстан облысының Ертіс ауданындағы мектепте бас қосты. Меморандумға Павлодар облыстық Инновациялық даму орталығының жетекшілері мен Омбы облысының Нововаршавск әкімшілік ауданының кәсіби мектебінің білім беру және байланыс комитетінің өкілдері мен шакаралық аймақтағы мектеп директорлары қол қойды.

«Павлодар мен Омскінің шекаралс аудандарындағы мектептердің ұстаздарының бақосуы дәстүрге айналған. Олар кездесулер барысында өз елдеріндегі білім беру саласында орын алып жатқан өзгерістер жөнінде өзара ақпарат алмасады», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары.