«27 маусым күні 09:00 мен 19:30 аралығында Павлодар облысының жедел жәрдемі 600 шақыртуға қызмет көрсетті», - деп хабарлайды өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметіне сай, 103 қызметі бір күнге толмайтын уақыттың ішінде өкпе қабынуына қатысты 59, ЖРВИ-ге қатысты 100 шақыртуға барған. 9 науқасты ауруханаға жеткізген, кейін олардан коронавирус анықталған.