«Дыбысты жолақтар екі құрамдас мықты әрі төзімді пластиктен жасалады. Оның асфальт төсенішінің астындағы биіктігі шамамен 5 миллиметрді, ені 15 см-ді құрайды. Жүргізуші мұндай жолмен өткенде «дірілді» сезініп, жолда қырағылық танытуына мүмкіндік береді», - деді «Автожолсигнал» ЖШС-нің директоры Владимир Демиденко.
Бірінші кезекте дыбысты жолақтар адам көп жүретін өткелдерде орналастырылды. Түнгі уақытта арнайы құрам тас жолдарда аталмыш жолақтарды орналастыруда. Айта кетейік, бұл жолақтар жанып тұрады.