Павлодарда 1 ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Фото: Freepik

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - 2024 жылы 16 қаңтарда Павлодар қаласының мектептерінде 1-ауысымдағы мектепалды, 1-4 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Бұл туралы қалалық білім бөлімінен хабарланды.

Айта кетейік, қалада бүгін ауа температурасы минус 27 градусты көрсетіп тұр, жел жоқ.