10 маусым күні Павлодар қаласында Амангелді көшесі 19/1 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің 8, 9 және 10-ыншы қабаттарында балкондардың және терезелердің жақтаулары отқа оранды.
Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. 12 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрттің салдарынан 33 жастағы ер адам ысты газға уланып, ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 17 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды.