Павлодарда 11286 адамның әлеуметтік мәртебесі өзектендірілмеген

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда азаматтардың әлеуметтік мәртебесі туралы тұрғындармен түсіндіру жұмысы, аулаларды аралау жүргізіліп, хабарламалар мен сауалнамалар таратылуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, егер,азамат жұмыссыз болса – халықты жұмыспен қамту орталығында ресми тіркелуі тиіс. Ал, егер еңбек келісімшартынсыз жұмысістесе – жұмыс берушімен еңбек қатынастарын ресми түрде ресімдеуі қажет.

Жылына 1175 АЕК дейін немесе 3 миллион теңгеге дейінкіріс әкелетін өзін-өзі жұмыспен қамтушы қала тұрғындары 1 АЕК көлемінде, ауылдықжерлерде тұратындар 0,5 АЕК көлемде Бірыңғай жиынтық төлемді төлейді. Бірыңғайжиынтық төлемді кез келген банк кассаларында, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде,«Азаматтарға арналған үкімет» «Мемкорпорация» ҮАҚ есебіне төлеуге болады. Төлем әр айға жеке төленуі тиіс.Әлеуметік мәртебені нақтылау мен қалыптастыру кезінде кейіннен азаматқаәлеуметтік төлем мен кепілді алу, лайықты зейнетті қамтамасыз ету, елэкономикасына бейресми қамтылған халықты тарту, жұмыссыз азаматтарды өнімдікжұмыспен қамту кепілдендірілген.

Қазіргі уақытта қала бойынша 39 мыңнан аса азаматтыңәлеуметтік мәртебесі өзектендірілген. Ал, 11286 азаматтың мәртебесі өзектендірілмеген. Тұрғындарғатүсіндіру жұмыстары мен аулаларды аралау жүргізілуде. Сондай-ақ хабарламалармен сауалнамалар таратылуда.

Айта кетейік, өз әлеуметтік мәртебесін нақтылау үшінтұрғындар Павлодар қаласы, Ак.Бектұров көшесі, 115 Б мекенжайы бойынша халықтыжұмыспен қамту орталығына жүгінулері қажет. 21-54-75,21-54-80 телефондары немесе egov.kz. Электронды Үкімет порталы арқылы өзмәртебесін нақтылауға болады.

Соңғы жаңалықтар