- 2 шілде күні сағат 11.30-да қаладағы Ворушин – Гагарин көшелерінің қиылысында рульде 35 жастағы жүргізуші болған «ГАЗ 33021» автокөлігі мен велосипедші соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың алты айында Павлодар облысы бойынша 221 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке орай, жол апатынан 13 адам қаза тапты, 321 адам жарақат алды.