Павлодарда 130 грамм героинмен есірткі сатушы ұсталды

None
ПАВЛОДАР.  Желтоқсанның   24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Павлодарда    аймақтағы   негізгі есірткі  сатушылардың  бірі,    бұрын төрт рет сотталған,      ұйымдасқан қылмыстық   топтың      белсенді  мүшесі    ұсталды,  деп   хабарлады    облыстық  ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен.

Есірткі  бизнесімен күрес  жөніндегі басқарманың  қызметкерлері  арнайы   жедел   шараның  барысында   есірткі саудагерін     қонақүй  бөлмесінде  ұстады. Оның     тонының  қалтасынан    130 грамдай  героин  салынған түйіншек  табылды.

Полиция  ҚР қылмыстық кодексінің 259-шы  бабы  3-ші тармағы   бойынша -   сату  мақсатында  есірткі  заттарын   заңсыз сақтау факті  бойынша - қылмыстық іс  қозғады.  Күдікті  абақтыға жабылды.