«Тексеру шаралары кезінде 1 547 сотталушының жыл сайынғы медициналық тексеруден толық өтпегені белгілі болды. Нақтылай айтқанда, сотталғандардан қан анализі алынбаған, электрокардиография жүргізілмеген, жалпы тәжірибелік дәрігердің, фтизиатрдың, стоматологтың тексерулері туралы жазбалары болмаған. Сонымен қатар, жоғарыда аталған дәрігерлердің қорытындылары және ұсыныстары мүлдем жоқ. Бұдан бөлек, қазақстандық ұлттық формулярға кірмейтін дәрілік заттарды сатып алу фактілері әшкереленді», - делінген хабарламада.
Тексеру қорытындысы бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 1 547 сотталған азаматтың конституциялық құқықтары қорғалып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.