Облыс орталығында қайғылы жағдай болды. Үй жануарларын суаруға арналған және шомылуға болмайтын жасанды қазаншұңқырда 2009 жылы туған бозбала суға батып кеткен.
- Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қаза тапқан жасөспірімнің мүрдесін тауып, судан шығарды, - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Құтқарушылар жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге үлкен қауіп төндіретінін ескертті. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, оларды су бойында қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы үнемі ескертіп отырған абзал.
Еске сала кетейік, шомылу маусымы басталғалы бері 10 адам суға кетті.