«Бұл жұмысты істеп жүргеніме үш жылдан асты. 11 жастағы бір қызым бар. Такси жүргізуші менің қосымша кәсібім. Негізі балалар ойыншығын сататын сауда нүктем бар. Сондықтан көбіне кешкі сағат 20.00-ден бастап түнге дейін, кейде таңға дейін жұмыс істеймін. Жасым 32-де. Toyota Duet автокөлігімен жүремін. Ең алғашқы жұмыс істеген таксопаркім "Индрайвер" болатын», - дейді Зарина Шереезданова есімді жүргізуші. Тағы бір сұлу жүргізушілердің бірі Виктория Рыбалко тек күндізгі уақытта жүргізуші болып жұмыс істейді. «Жасым 33-те. Кешкі уақытты жұбайым және екі баламмен өткіземін. Адамдарды көбіне аурухана мен мектептерге жеткізіп саламын. Қызметіме жарты жылдан асты. Темір тұлпарым - Mazda Demio, - дейді ол. Ал, «777» таксопаркі кезекшісінің айтуынша, темір тұлпарды тізгіндеген арулардың саны жыл санап артып келеді.
10:53, 07 Наурыз 2017
Павлодарда 18 әйел - такси жүргізуші
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы ірі таксопарктердің бірі «777» орталығында 18 әйел адам бала күтумен қатар такси жүргізуші қызметін атқаруда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.