Павлодарда 2 жасар бала ыстық суға күйіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі жасар бала денесінің 12 пайызын 3 үшінші дәрежелі күйік шалды, деп хабарлады pavlodarnews.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Шарбақты ауылында екі жастағы бала әкесімен моншаға барып, әкесі баланың үстінен байқамай ыстық су төгіп алды.

«Баланы жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Бүлдіршіннің жағдайы қанағаттанарлық. Қазір ол травматологиялық бөлімшеде»,- деді басқарманың баспасөз қызметкері Махаббат Мұхамадиева.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың қыркүйегінде жеті жасар бала сапасыз пиротехника салдарынан күйік алды.  Бала пиротехниканы сатып алып, қалтасына салған. Үйіне бара жатқанда тауар жарылған. Бала ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты.