Дәстүр бойынша Наурыз Қыдыр атаның бата беруінен басталды. Студенттік филармонияның шығармашылық ұжымы қонақтарды күтіп алып, өз өнерлерін паш етті. Мерекелік дастархан, арқан тартыс, гір көтеру, алтыбақан, әуелеген әндер мен құттықтаулар халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қала қонақтары мен келушілер Наурыз көже, палау, қуырдақ, бауырсақ секілді ұлттық тағамдардан дәм татты. Наурызға орай 200 литрге жуық Наурыз көже әзірленді.
«Наурыз - көктем мерекесі, көктемгі теңелу күні. Мол дастархан ежелден татулық пен достықты білдірген. Ата-баба дәстүрін үзбей, жыл сайын бір шаңырақ астында жиналып, бір-бірімізді мерекемен құттықтаймыз, ақ тілек, жылы лебіздер айтудамыз. Наурыз құтты болсын», - деді ЖОО ректоры Арын Өрсариев.