«Бүгін сағат 11.04 кезінде Павлодар қалалық полициясына 1 мамыр – Ломов көшелерінің қиылысында жұмысшының құбырға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы шықты. Анықталғандай, Ломов көшесі 37/3 мекенжайында жұмыс кезінде қысымнан құбыр жарылып, құбырға толған кәріз суы 22 жастағы монтаждаушыны ағызып әкеткен», - делінген департаменттің хабарламасында.
Жұмысшылар есінен танған әріптесін сыртқа алып шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда Ақсу қаласында туған жас жігіт оқиға орнында жан тапсырған. Қазіргі уақытта істің толық мән-жайы анықталып жатыр.