«16 сәуір күні Новочерноярка ауылының маңындағы суармалы егістік алаңында денесінде азаптау белгілері бар 22 жастағы ер адамның мәйіті табылды»,-деп хабарлады жергілікті ІІД баспасөз орталығы.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама істері тағайындалды.
«Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру және тергеу жұмыстары жүргізілуде»,-деп хабарлайды ІІД.