ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жөндеуші слесарь 12 метрлік биіктіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше кешкі сағат 16:20-да өндірістік цехтардың бірінің аумағында 1996 жылы туған слесарь көпірлі кранды бөлшектеп жатып, абайсызда 12 метрлік биіктіктен құлап кетті.
«Жас жігіт алған жарақатынан сол жерде жантәсілім етті. Оқиғаны көрген куәгерлер бар. Еңбекті қорғау нормаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп мәлім етті ПД баспасөз қызметі.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.