Бұл туралы облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Руфат Кенжин мәлім етті.
«Карантин режимі енгізілген үш күннің ішінде 96 құқық бұзушылық анықталды. Блокпостардағы, карантинге алынған тұрғын үйлер мен аурухананы күзетіп отырған полицейлерден коронавирусты анықтауға мүмкіндік беретін тест алынады. Мұндай тексеруден қоғамдық қауіпсіздікті қадағалап жүрген барлық қызметкерлер 100 пайыз өтеді. Ол үшін қажетті тест толығымен сатып алынды», - дейді Руфат Кенжин.
Спикердің айтуынша, тағы бір адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 476-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 30 тәулікке қамауға алынған.
Сондай-ақ Павлодар қаласында 7 мобильді топ жұмыс істеуде.
15 сәуірдегі жағдай бойынша, облыс орталығындағы мамандар 10 500 техниканы тексеріп, 96 көлікті айыппұл тұрағына қойған.