Мұнда Павлодар облысында мекендейтін құстардың дауысы жазылған аудиокаталогтың таныстырылымы өтті. «Бұл жазбалары бар диск - Павлодарлық география үйінің жобасы. Оны Шафер үй мұражайы қолдады, - деді ПавГео директоры Александр Вервекин. - Бұл каталогты орнитолог-өлкетанушы Сергей Чикин құрастырды. Ол мұражай қонақтары үшін құстар мекендейтін жерлердің виртуалдық саяхатын ұйымдастырды».
Бұл күні азаматтар ерекше концертті ғана тамашаламай, қанаттылардың фотографы Кәрімжан Жәкеновтың әңгімесін тыңдады. Ол жиылғандарды өзінің еңбегі жайлы, яғни құстарды суретке түсіру үрдісі туралы баяндады.
Музыкатанушы және әдебиеттанушы профессор Наум Шафер 1930 жылы түсірілген «Крылатая защита» ғылыми фильмінен құстар ән айтатын үзінді көрсетті.