Шырша өткен жылдан қалған ойыншықтармен безендіріледі. Олардың ішінде гүл тізбесі, пингвиндардың отбасы, жылқылар мен аюлардың шағын формалары бар. Осы жылы павлодарлықтар үшін қалалық мәдениет және демалыс, Гагарин саябақтарында биіктігі бес метрлік төбешік жасалады. Ал, қаланың басты шыршасының шамдары Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін жағылады.
Айта кету керек, биыл облыс орталығын жаңа жылдық безендіруге 13 млн теңге қарастырылған.