Павлодарда 4 700 отбасы неліктен АӘК ала алмаған

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту орталығына жүгінген отбасылардың 80%-ы аз қамтылғандар санатына енгізілмеуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек ала алмаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Сонымен қатар,АӘК отбасының әрбір мүшесіне есептегенде 20 789 теңгеден аспайтын табысы баротбасыларға ғана беріледі. Қалған 20%-ы ЖК жабу бойынша құжаттар ұсынбау немесе алиментке беруденбас тарту салдарынан АӘК алмаған.

Жұмыспен қамтуорталығының маманы Әлия Тілектестің айтуынша, 1 сәуірден бастап жеті мыңнанастам отбасы өтініш білдірген. Оның ішінде 2279-ы атаулы әлеуметтік көмек алады, 159 отбасына ресмитүрде бас тартылған және қалған 4700 отбасына түрлі кеңес берілді.


«Бүгінгі таңда 2400 өтініш қарастырылуда. Жабылмаған ЖКбар адамдарға біз қазір көмектесеміз, сұрау жібереміз. Алимент алғысыкелмейтіндерге ешқандай көмек көрсете алмаймыз», -деп мәлім етті жұмыспен қамтуорталығының маманы.

Сондай-ақ, ата-ана өз баласын тәрбиелеуге қатысуғаміндетті, ал алимент отбасының табысы болып саналады. Егер ата-ана алимент төлемесе, өткентоқсандағы берешек туралы қаулы ұсынылады.

Айта кетер жайт, тіркеуі жоқ адамдар АӘК ала алмайды. Мұндай жағдайда оларға Қамзин көшесі,20/1 мекенжайы бойынша тіркелу ұсынылады. Ол жерде тұрғылықты жері жоқ аналармен балаларды, ал әкелерін Космонавтар көшесі, 50/1 мекенжайы бойынша тіркеугеболады.

Әлия Тілектестің айтуынша, мемлекеттік көмекті көп балалыотбасылар ғана алмайды. Мысалы, отбасында бір бала болса және бір отбасы мүшесіжұмыс істемейтін немесе еңбек биржасының есебінде тұрған болса, жұмыспен қамтуорталығына жүгінуі қажет. Ол жерде отбасы категориясын оның табыстарына сәйкес анықтайды.

АӘК алуға құжаттарды қарау мерзімі - 30 күнтізбеліккүн. Қажетті құжаттар тізімі бойынша міндетті түрдежұмыспен қамту орталығына кеңес алуға бару керек, онда әрбір отбасына қандайқұжаттарды жинау қажет екенін жеке түсіндіреді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардытіркеген кезде тұрғындар өтініш жазып, табысын көрсетеді. Бұл мәліметтердіқалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көшпелікомиссиясы тексереді.

Соңғы жаңалықтар