Медицина мамандарының ақпараты бойынша, 19 ақпан күні сағат 08:54-те жер үйде 15, 11, 5 және 2 жас аралығындағы балалар иіс тиіп уланған.
«Балалардың барлығы облыстық балалар ауруханасына «Орта деңгейдегі ыстан улану» диагнозымен жеткізілді»,-деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Мамандар сондай-ақ балаларды жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенде олардың жанында 32 жастағы анасы болғанын айта кетті. Балалардың анасы да иіс тиіп уланған. Әйелдің сөзінше, үйде пештің ақауынан түтін исі шыққан.
Осыған дейін Павлодар облысында оқушы бұрыш спрейін шашып, 310 адам мектептен эвакуацияланғаны жазылды.