Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінен 2020 жылғы қыз бала құлап кеткен. Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«103 операторына көпқабатты үйдің 5-қабатынан 4 жасар бүлдіршіннің құлап кеткені туралы ақпарат түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 5 минутта жеткен. Ол облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне жатқызылды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Баланың миы шайқалып, жабық ми жарақатын алған.