Павлодар қаласындағы 1 300 көпқабатты үйдің 468-і қысқы жылыту кезеңіне 100% дайын. Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінен хабарланды.
«2024-2025 жылыту маусымына 100% дайындығы бар үйлердің саны – 468. Үйлеріңізді жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпаратты қызмет көрсететін ұйымдардан тексеріңіздер. Үйлерге қызмет көрсетуші ұйымдар ішкі жылу желілерінде гидравликалық сынаулар жүргізіп, су жылытқыштарды, жылу жүйелерінің жағдайын тексеріп жатыр. Бұған қоса құбырларды шайып, дросселдер құрылғыларын орнатады», - деп мәлімдеді мекемеден.
Еске сала кетейік, ҚР Үкіметі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға 9 млрд теңге бөлді.