Павлодарда 5 қабатты үйдегі пәтер отқа оранды
10:36, 14 Қазан 2012
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Павлодарда 5 қабатты тұрғын үйде сенбі түні таң ата өрт болып, тілісіз жау балкон арқылы 5 қабаттағы пәтерді шарпыған.
Өрт екі сағаттан соң сөндірілді. Жалын тілін ауыздықтауға Павлодар облысы ТЖД-нің 41 маманы мен 5 техникасы тартылды. Өрт 40 шаршы метрді қамтыған. Иіс тиіп уланған 59 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ ауруханада үш балаға: 14-17 жастағы жасөспірімдерге және 4 жасар қызға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.