«7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 150 мың теңгелік әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Оны бейбіт уақытта әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары алады», - деді басқармада.Сонымен қатар, тәжік-ауған секторында ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғауды күшейтуге қатысқан әскери қызметшілер мен Ирактағы бітімгершілік операциясының әскери қызметшілері де алады.
08:39, 21 Сәуір 2022
Павлодарда 7 мамыр кезінде әскерилердің кейбір санатына қаржылай көмек көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 7 мамырда әскери қызметшілердің кейбір санатына қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.