Павлодарда 700 литр жағармай тиелген көлік түгелдей жанып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында жанар-жағармай тасымалдап бара жатқан КамАЗ көлігі түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«31 шілде күнісағат 22.25-те Транспортная көшесі, 11 мекенжайындағы өндіріс базасы аумағында тіркемесібар 1991 жылы шыққан КамАЗ көлігі толығымен жанып кетті. Онда 700 литржанар-жағармай болған. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды, - деді облыстықТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, оқиғаорнынан сыйымдылығы 40 тонна жанар-жағармайға арналған екі бос цистернашығарылған. Жеке құрамнан 14 адам үш техниканың көмегімен тілсізжауды сағат 23.15-те ауыздықтап, сағат 23.23-те түгел сөндірді.

Өрт электржабдығының қысқа тұйықталуы салдарынан болған.