Павлодарда 75 адам донорлық ағзаға мұқтаж
Республика бойынша мұндай тізімге алынған жандардың саны - 1300. Олардың басым бөлігі бүйрек, бауыр және жүректі қажет етеді.
«Екі жылдың ішінде өңірде 216 науқас бас қаңқа жарақатын алып, ми қан айналымы зақымданған. Олар бірнеше адамға донор болар еді. Қысқа мерзімде адал құшуы мүмкін адамдар донорлардың арқасында толыққанды өмір сүретін еді. Бұған қоса, марқұмдардың мұндай азаматтық ерлік жасаған туыстары құрметке лайық», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов.
Еске сала кетейік, биылғы жылы ақпан айында екі рецепиент 37 жасында қайтыс болған Олеся Пушкинаның ағзаларын қабылдаған болатын. Тағы бір мұндай сәтті ота жуырда өткізілді. Астанада ұлттық кардиохирургиялық орталықта павлодарлық донордың өкпесі басқа адамға берілді.