Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жәрмеңкеге Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
«Басты мақсат - бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу, делдалсыз тікелей сауда ұйымдастыру. Тұрғындарды әдеттегідей əлеуметтік бағамен тауар өндірушілердің балғын өнімдері күтеді», - делінген хабарламада.
9 мамыр күні мерекелік және 11 мамыр сенбі күні әдеттегі дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтетін болады.