Оқиға орнынан 14 адам қауіпсіз жерге шығарылды, 1 сәби өрттен құтқарылды.
Аумағы 8 шаршы метр жерді шарпыған тілсіз жау Павлодар облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 19 қызметкерімен өшірілді. Денесін күйік шалған әрі иіс тиіп уланған 1974 жылы туған О.Юдин дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.