Павлодарда 9 қабатты үйдің жеделсатысы өртеніп, бір балаға иіс тиді - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодардағы 9 қабатты үйде жеделсаты өртеніп, 12 жасар бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Оқиға сейсенбі, 3 сәуір күні Павлодардағы Ломов көшесінде орналасқан 9 қабатты үйде болған.

Өрт аумағы 5 шаршы метрге жайылған. 10 адам кіреберістен өздері шықты. Өрт кезінде 8-ші қабаттағы пәтерден 12 жасар ұл бала құтқарылды. Иіс тиген ол ауруханаға жеткізілген.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған.