Финалға он үздік сурып салма ақын шықты, деп хабарлады С. Троайғыров атындағы ПМУ баспасөз қызметінен. Бас жүлдеге Астана, Алматы, Семей, Тараз, Қостанай, Қызылорда мен Павлодардан келген белгілі жыр дүлдүлдері таласты.
Биыл айтыс «Алаш» қозғалысының жүз жылдығын мерекелеуге арналды.
Айтыс нәтижесі бойынша үшінші орынды павлодарлық Марес Байрон, екінші орынды қызылордалық ақын Сырым Әділбеков иеленді. Астаналық суырып салма ақын Нұрқанат Қайрат бас жүлдені жеңіп алды. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы арнайы жүлде Семей ақыны Қуандық Кенжебекке бұйырды.