Павлодарда алғашқы электробустар жолға шықты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында алғашқы 10 электробус жолаушыларды тасымалдай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Автобутар № 10, №21 және № 22 бағдар бойынша қатынайды.

«Электробустарэкологиялық таза көлік болып саналады. Атмосфераға қалдықтартаралмайды. Екіншіден, дизельдік отынмен салыстырғанда үш-төрт есе үнемді:дизельдік отын, май, қозғалтқышқа қызмет көрсету қажет емес», - дейді № 1 автобус паркінің директорыЕрнар Қоңырханов.

Электробустар үлкенсыйымдылығы бар және тез қуаттандырылатын литий-титанатты аккумуляторларменжабдықталған. Электробус толық қуат алғанда 70 шақырымға дейінжетеді.

Парк директорыныңайтуынша, маршруттардың соңғы аялдамаларында автобустарды 15 минутқа жуыққуаттауға қоятын станциялар орнатылған. Қалада барлығы сегізстанция пайда болды, тағы екі станция орнату жоспарланған.

№ 1 автопаркдиректоры хабарлағандай, мұндай батареялары бар электробустар Қазақстанда алғашрет Павлодарға жеткізілді. Осыған ұқсас автобустар Ақтауда дабар, онда олар бір жыл жұмыс істеді және қатал климатқа есептелген.

«Батареяларсыйымдылықты минус 40 градусқа дейін сақтайды. Автоөндірушіменжыл бойы электробустар мен дизельді автобустардың техникалық сипаттамалары,параметрлері пысықталды. Зауытпен келісіліп, автобустарды қосымша жылуқазандығымен жабдықтады. Қыста дизель отынын жылыту үшін пайдаланады, бірақэлектр қуатымен жүретін болады»,– деп атап өтті Ернар Қоңырханов.

Көліктің ішіндеотыратын – 29 және тұрып тұратын 46 орын бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшінкөтергіштер мен шынтақшалары бар орындықтар, сондай-ақ иттерге арналған арнайы орындар қарастырылған.

Электробустарға екіжыл немесе жүз мың шақырым жол жүруге, қуаттау станциялары мен батареяларға бесжылға кепілдік беріледі. Соңғыларын өндіруші зауыт ауыстырадыжәне кәдеге жаратады. Кепілдік кезеңінің соңына дейін автопаркте өндірушізауыттың инженері болады. Естеріңізге сала кетейік, автопаркті 76% дейінжаңарту «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес компаниялары – «ҚДБ Лизинг» АҚ,Қазақстанның Даму Банкі арқылы жүзеге асырылды.

30 автобус үшін лизинг сомасы – 2 млрд 800 мыңтеңге. Бір электробус - 118 млн 200 мың теңге, дизельді – 55 млн теңге,алғашқысына жарты жылда қызмет көрсетуге - 2,5 млн теңге, екіншісіне – 8 млнтеңге кетеді.

Ернар Қоңырхановатап өткендей, қызмет көрсету құнының төмендігінен бір жыл пайдаланғаннан кейінпарк электробустарда жол жүру тарифін азайту мүмкіндігін қарастырады. 10электробус және 20 дизельді Павлодарға 5 шілде күні таныстырылды. Дизельдіавтобустар шілденің соңында, ал электробустар – 1 тамызда жолға шықты.