Павлодарда араларды тасымалдаған көлік аударылып, жәндіктер адамдарға шабуылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Павлодарда араларды ұясымен тасымалдаған «КамАЗ» көлігі аударылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.

«Бүгін таңертең «КамАЗ»-дың тіркемесі ажыратылып, аударылған. Ол «Мерседес» көлігін жанап өткен. Салдарынан неміс көлігін тізгіндеген азаматты ара шаққан. Аралардың шабуылына сондай-ақ  бірнеше жүргізуші тап болды. Толық әрі нақты ақпарат арнайы топтың жұмысы аяқталған соң белгілі болады», - деді ІІБ баспасөз қызметінен.

Видео Instagram желісіндегі «Колеса Павлодара» қауымдастығынан алынды.

Кому меда? 🐝 📹 @vip_detail_pvl

Публикация от 🔝 Автосообщество ПАВЛОДАРА (@kolesa_pavlodara) Авг 21 2017 в 7:57 PDT