Павлодарда аударылған көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті
20:57, 09 Тамыз 2019
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Сағат 6:46 кезінде Қамзин мен Щедрина көшелерінің қиылысында Toyota Caldina мен ВАЗ 21134 көліктері соқтығысқан», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Апат салдарынан ВАЗ 21134 көлігі аударылып қалған. Сондай-ақ ВАЗ 21134 көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан.
Полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған факт тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Фото: @kolesa_pavlodara